"Әлеуметтік жағдайды көтеру мыңызды"

 135

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында елдің әлеуметтік саласына назар аудару қажеттігін айтты. Соның ішінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру және жұмыспен қамту, көмекке мұқтаж адамдарға жәрдем беру мәселелеріне айрықша тоқталды.

Дін саласындағы сарапшы маман ретінде мен Мемлекет басшысының бұл ой-пікірлерінің аса маңызды екенін айтар едім. Өйткені қоғамдағы деструктивті діни идеялардың тара¬лу себептерін тереңнен зерттеп көрсек, ол жерде де халықтың әлеуметтік жағдайы мен жұмыссыздық мәселесі жатқанын көреміз. Бұл арнайы жан-жақты талдауды қажет ететін тақырып. Әсіресе әлеуметтік-экономикалық ортаның ықпалы көп.

Адамдар экономикалық қиындықтарға, жұмыссыздыққа немесе ресурстардың әділетсіз түрде теңсіздікпен бөлінуіне тап болғанда қоғамдық наразылық пен түңілу пайда болады. Осыдай кезде адамдар қалыптасқан жағдайдан шығар жол ретінде деструктивті идеяны қабылдауға бейім бола түседі.

Сондықтан әлеуметтік қорғауды жақсарту және жұмыссыздықтың қысқаруына жағдай жасау – осы саладағы проблеманың азаюына жол ашатын алда тұрған міндеттер. Бұлар әлеуметтік тұрақтылықтың нығаюына себеп болып қана қоймай, қоғамда жағымсыз үрдістердің таралуының да алдын алады. Президентіміз осының бәрін ой елегінен өткізіп айтып отырғаны талассыз. Бүкіл қоғам бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жалпыға ортақ жағдай жасауға талпынып, халық санасын улаған деструктивті үрдістерден бас тартса, құба-құп. Халқымыз осы аспектілерге көңіл аударып, тұрақты, сауатты әрі толерантты ортаны дамыту үшін жұмыс істеуі керек. Бұл әсіресе жастар арасында деструктивті ағымдардың әрекет етуіне тоқтау салады.

Гүлназ РАЗДЫҚОВА,
дінтанушы-сарапшы

Источник: