Орталық инспекторлары Павлодар қаласының спорт алаңында Open Air өткізді

 740

Аталған іс-шара қала тұрғындарын орталықтың және «сенім телефонының» жұмысы туралы ақпараттандыру және алдын алу мақсатында өткізіледі.

Негізгі міндет – экстремизм мен терроризм идеяларына қарсы халықтың иммунитетін қалыптастыру, конфессияаралық келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты нығайту.

Деструктивті діни ағымдарға тартылған жағдайда өзін-өзі ұстау стратегиясы туралы ақпараттық буклеттер мен брошюралар, сондай-ақ Орталықтың имидждік өнімдері таратылды.