Павлодар облыстық балалар ауруханасының қызметкерлеріне арналған ZOOM платформасындағы семинар

 865

2021 жылғы 26 мамырда ZOOM платформасында Павлодар облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері үшін «Радикалдыққа қарсы  иммунитетке дағдыландыру» тақырыбында семинар өтті.

Дәріскер ретінде облыстық дін істері басқармасының «Конфессия-аралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З.Ө.Асанбаева сөз сөйледі, ол қазіргі заманғы діни экстремизмнің және  терроризмнің қауіп-қатерлері, қатарларына тарту тактикасы мен әдістемесі туралы, оның ішінде интернет ресурстар арқылы тарту жайында  егжей-тегжейлі түсіндірді.          

Семинарға қатысушыларға «Интернеттегі экстремизмнің алдын алу»  және «Сенім телефоны» роликтері көрсетілді.