Рухани келісім күніне орай дөңгелек үстел өтті

 231

2023 жылғы 18 қазанда Қазақстанда Рухани келісім күні атап өтіледі. Біздің еліміздегі бұл мерекенің қалыптасуының 30 жылдық тарихы бар. Бүгінгі таңда қазіргі Қазақстан полиэтникалық және көпконфессиялы мемлекет болып табылады.

Бүгінгі күні Павлодар облысында 13 конфессияны қамтитын 166 діни қауым тіркелген, оның ішінде діни бірлестіктер мәртебесінде   108-і  - ислам, 25-і- православие, 8 - католик, 7 - пятидесятниктер, 4 - Жетінші күн адвентистері, 3 – Иегова куәгерлері, 3 - Евангелиялық христиан баптистері,2-пресвитериан, 2 - методистік, 1 - Кришнаның санасы , Евангелиялық-Лютерандық, Жаңа апостолдық және Еврей діни қауымдастықтары.             

Қазіргі Қазақстанның даму ерекшеліктерінің бірі-діннің қоғам өміріндегі рөлінің артуы. Оның беделі мен мәртебесі арта түсіп,, әлеуметтік функциялары кеңеюде. Біздің еліміздегі дін қоғамның рухани жаңғыруының негіздерінің біріне айналды.                                                                                     

Қазақстанда әртүрлі діндердің толерантты қатар өмір сүруінің үлгісі бола алатын бірегей көпконфессиялық алуан түрлілік қалыптасты.                                      

Діни  қауым өкілдері облыста өткізілетін барлық қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысады. Конфессия көшбасшыларының қоғамның рухани тәрбиесі мен дінаралық келісімі мәселелері қаралатын «дөңгелек үстелдер»  отырыс-тарына қатысуы дәстүрге айналды.