Тереңкөл ауданының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне арналған семинар

 641

А. ж 6 сәуірінде ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы З. Ө. Асанбаева және сарапшы-теолог Ж. Қ. Бердімұратов ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелеріне «Діни экстремизмнің және терроризмнің алдын алу бойынша тұрғындармен жұмыс істеу кезіндегі ақпарат-тық ықпал ету әдістері» тақырыбында семинар өткізді.

Семинар барысында экстремистерді қандай белгілері бойынша анықтауға болатындығы, адамдарды өз тұзақтарына тарту үшін қандай әдістерді қолданатындығы, олармен кездесу кезінде қалай әрекет ету керектігі, жұмыста қандай материалдарды қолданған дұрыс екендігі түсіндірілді.