Орталықтың жаңалықтары

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдамалық құжаттарда тәуелсіз мемлекеттің қазіргі және болашақтағы бағытын – республиканың зайырлылығын, азаматтардың ар-ождан бостандығын, Қазақстан халқының дәстүрлеріне және елдің заңнамасына қайшы бөгде күштердің қоғамға деструктивті және радикалды нормаларды таңу әрекеттеріне қарсы тұруды атап көрсетті.  

29 наурызда Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде ПМПУ ҚХА тарих кафедрасының оқытушылары мен студенттері үшін «Секуляризм: түсінік пен тәжірибенің вариативтілігі» тақырыбына дөңгелек үстел өткізілді.

Павлодар қаласының Мәшһүр Жүсіп орталық мешітінде дәстүрлі бағытта жүрген апалар жамағатымен «Интернет желісіне түспеудің жолы: ақпаратты дұрыс қабылдау және тек рұқсат етілген сайттарды қолдану туралы» тақырыбы аясында кездесу өтті.

Экстремизмнің алдын алу бойынша қоғамымызда өткізіліп отырған жұмыстар тұрғындарға байқала қоймайтын, бірақ өте жауапты да өте қажет жұмыс. Біз осы жөнінде Павлодар облысы дін істері басқармасының Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы ақпараттық-түсіндіру жұмысы бөлімінің басшысы Зайда Өмірбекқызы Асанбаевамен сұхбаттастық.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін мерекелеу қарсаңында «Астана» спорттық-сауықтыру кешенінде дінге сенуші жастар арасында үстел теннисі бойынша турнир өткізілді. Ұйымдастырушысы – облыс дін істері басқармасынынң Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығы.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнін мерекелеу қарсаңында а.ж. 12 желтоқсанда Павлодар қаласында Облыс дін істері басқармасы Конфессияаралық қарым-қатынастарды талдау және дамыту орталығының ұйымдастыруымен «Жастар экстремизмге қарсы» форумы өтті.

«Жастар экстремизмге қарсы» форумы шеңберінде мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері арасында интернет-байланыс арқылы «Тәуелсіздік – біздің тірегіміз, тұрақтылық – мақсатымыз» тақырыбына AIMOB форматында өткен суреттер, бейнероликтер мен демотиваторлар конкурсының жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

23 қарашада Павлодар қаласының №4 мектебінде, ақпараттық-түсіндіру жұмыс жөніндегі бөлімнің басшысы  Асанбаева З.Ө. Павлодар облысы ішкі істер Департаментімен бірлесіп: «Діни экстремизмге және терроризмге қарсы ақпараттық іс-қимыл» тақырыбына жалпы орта білім беру мектебтерінің оқушыларымен, мұғалімдер және ата-аналарымен облыстық интернет-конференция өткізді.

Қазақ халқы ғасырлар бойы  болашақ ұрпақтың тағдыры туралы толғанып, қыз баланың, бойжеткеннің, болашақ ананың тәрбиесіне мұқият көңіл бөлген. Біздің дана халқымыз «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» қағидатын ұстанды.

Қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлері ұлттық құндылықтармен  тығыз байланысты. Ақпараттық технологиялар қарқынды дамып отырған бүгінгі күні болашақ ұрпақты рухани дамытуда маңызды рөл атқаратын қазақ халқының ұлттық бай мұрасын зерттеу мәселесін өзектендіру қажет.

Беттер