ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚАТЫСУЫМЕН ПРЕСС-КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

 6545

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында «Қоғамдық келісім» КММ діни қызмет саласының өкілдері мен қызметкерлері қатысуымен пресс-конференция өтті. Аталмыш кездесудің мақсаты – өткен 2022 жылды қорытындылап, 2023 жылдың жұмыс жоспарымен таныстыру болды. Іс-шараға Орталығымыздың директоры, дін мәселелері бойынша сарапшы Гүлнәз Мақсұтқызы да ат салысты. Өз кезегінде Г.М. Раздықова қазіргі таңдағы ахуалға сүйене отырып, дін мәселесінің өзектілігін, әсіресе, оның жастар арасындағы белсенділігін атап өтті. Алайда, жат ағым өкілдерінің әлеуметтік желідегі насихатын да ұмытпау қажеттігін еске салды. «Бүгінгі таңда Facebook, ВКонтакте, Instagram және басқа платформалардың танымал әлеуметтік желілері деструктивті ағымдар идеологиясын насихаттаудың ошағына айналғаны, ол арқылы дінге сенушілердің радикалдануы және радикалды ұйымдардың қатарына қабылдануы орын алатыны мәлім». Осы орайда, әлеуметтік желілерден діни ақпарат алмас бұрын, оның дұрыстығына көз жеткізуді ұсынды. Ол үшін, қажетті ақпаратты ресми парақшалар мен сайттардан не жергілікті мешіттен алуға кеңес берді. Сөз соңында спикер, заманауи бола отыра, қауіпсіздік жайында ұмытпауды айтып өтті.