Баянауыл ауданында АТТ мүшелеріне арналған дін мәселелері жөнінде өткен семинар

 673

А.ж. 31 наурызда басқарма басшысы Д. Закарьянов «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» КММ (КҚТДО) басшысы Г. Раздыкова және КҚТДО теологы Ю. Бертымұратовтың қатысуымен Баянауыл ауданының дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру тобының  мүшелері үшін семинар өткізді.

Семинардың мақсаты өңірдегі дін саласындағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттің зайырлылық негіздерін нығайту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу болып табылады. Семинарда азаматтардың дін саласындағы құқықтық мәдениетін қалыптастыру; конфессияаралық және конфессияішілік негізде болуы мүмкін жанжалдардың алдын алу және ескерту, Қазақстанда мемлекеттік құрылымның зайырлылық қағидаттарын нығайту, қоғамда діни экстремизм мен терроризм идеологиясының таралуының алдын алу сияқты мәселелер қаралды.

 Семинар соңында қатысушыларға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті әзірлеген әдістемелік материалдар таратылды. Семинар жергілікті тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының тиімділігін арттыруға бағытталған.