Жаңа пікірді жазу

Мэтью Джеймске ҚР АҚДМ дін істері комитеті Төрағасы Е.Нүкежановтың Алғыс хатын табыстау

 940

Облыстық дін істері басқармасының басшысы Д.Зәкәриянов Шарбақты ауданына жұмыс сапары аясында жағымды миссияны орындау үшін-Гарофало приходының ректоры Мэтью Джеймске ҚР АҚДМ дін істері комитеті Төрағасы Е.Нүкежановтың Алғыс хатын табыстау үшін «Мария - христиандарға көмек» Рим – Католик приходына барды.

Бұл марапатқа өңірдегі конфессияаралық келісімді сақтауға және түрлі дін өкілдері арасындағы диалогты дамытуға қосқан үлесі үшін католик дін қызметкері ие болды.

Аудан әкімдігінің атынан Шарбақты ауылдық округінің әкімі Мақсұт Жиенбаев приходтың настоятелін құттықтады.

Гарофало Мэтью Джеймс-АҚШ миссионері, 2004 жылдан бастап жергілікті католик шіркеуінде қызмет етеді. Оның басшылығымен және жеке қатысуымен 2008 жылы Шарбақты ауылында балалар қайырымдылық орталығы ашылды және жұмыс істейді. Орталықта көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары үшін бос уақыт және күнделікті тегін түскі ас ұйымдастырылған.

Гарофало Метью Джеймс жергілікті атқарушы органдармен тығыз қарым-қатынас жасайды, қоғамдық өмірге белсене қатысады, Шарбақты ауданы әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің мүшесі болып табылады. Жергілікті тұрғындар арасында беделді және құрметке ие.