Курманова Айдана: Экстремистік көріністің басты түрлері қандай?

 111

Мнение теолога Центра анализа и развития межконфессиональных отношений города Павлодара Курмановой Айданы.

Жалпы экстремизм мәселесі, оның түрлі көріністерінде, әлем бойынша өзекті тақырыпқа айналып отыр. Әлемдік тәжірибеде экстремизм әлеуметтік, экономикалық, саяси және діни, экологиялық және басқа да өзекті мәселелерді шешу барысында әрбір қоғамда, мемлекетте жанданады. Қарап отырсақ, экстремизм экономикалық жақтан дамыған және саяси тұрақты елдерде де белең алады.

«Экстремизмнің бірінші белгісі адамның надандыққа, көрсоқырлыққа негізделген өз көзқарасы, пікірінің орындалуын табанды түрде талап етуі. Мұндай адамдар басқа көпшіліктің қажеттіліктері мен ақиқи жағдайын түсінбейді немесе түсінгісі келмейді. Экстремистердің екінші себебі, олардың ешбір қажеті болмаса да әр істе шектен тыс шығып кетуге бейім тұруы. Басқаларды да осыған итермелейді. Нәтижесінде адамдар арасындағы қалыпты қарым-қатынас бұзылып, қоғамдағы үйлесімді тіршілік арнасынан ауытқып, әлеуметтік толқулардың тууына себеп болады.

Экстремистік көріністің үшінші түрі, сырт көзге байқалмайтын, адамдарға деген күдік пен сенімсіздіктен туады». Қазіргі уақытта ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, адамдар арасындағы араздасу, бүліктердің туындау себебі жалған діндердің орын алуы басты себеп болып отыр.