Табынушылардың құпия қаруы - бақыт иллюзиясы

 2412

Бүгін біз өз туыстарымыз бен  балаларымызды деструктивті діндердің ықпалынан қорғау үшін нені  білуіміз керек екендігі туралы әңгімелесетін боламыз.

1. Адамдар қалайша деструктивтік ұйымдарға кіріп кетеді?

Кез келген адам деструктивті діндер адептерінің құрбаны болуы мүмкін. Өкінішке орай, олардың үлкен пайызы – жігіттер мен қыздар. Олар аңғал, сенгіш, қауіпсіздік мәселелеріне немқұрайлы қарайды, әрқашан жаңа, ерекше құбылыстарды қабылдауға бейім. Жастардың дәл  осындай  қасиеттері  деструктивті діндердің жолын қуушыларға  өз ортасына тарта отырып, азғырушылар көбірек сенеді.  Сондықтан ата-аналарға өте қырағы болу керек, балалар мен олардың айналасына мұқият қарау керек.

2. Деструктивтік діни ұйымдарға тарту қалай жүргізіледі?

Деструктивтік діни ұйымқа тартушылар  өз құрбандарымен мақсатты жұмыс істейді. Барлығы бір қарағанда  қарапайым және  сүйкімді. Культке кеоген адамды адептілер ерекше  қамқорлыққа алып, жанашыр бола қалады.  Осының бәрі  жаңадан келгендерді өздеріне тартады. Ұйымға жаңадан келген адамда  бақыт иллюзиясы пайда болады және ол осыны түсінбей, тұзаққа түседі.

3. Адамдар арасында өз қатарларына тартушыларды қандай сипаттамалар бойынша тануға болады?

Әдетте, ол мейірімді,  барлық жағынан: моральдық, психологиялық, материалдық тұрғыдан  және т.б.  көмек көрсетуге дайын адам. Ол сіздің істеріңізге өте мүдделі, сізді өте бірегей тұлға деп санайды, сіздің проблемаңызды қуана шешеді. Бірақ сізді қошеметпен  және жылы сөздермен ұйыта отырып,  сол уақытта өзі  және ұйымы үшін қандай пайда табатынын жақсы бағап отырады.

4. Қандай адамдар тартушылар  торына  түседі?

Тарту тактикасына сәйкес деструктивтік ұйымдарға  тартушылардың көпшілігі адамда проблемалар болған өмірлік жағдайларда құрбандарына алғашқы қадам жасайды. Жастар жиі қандай да бір проблемаға тап болып, бұл туралы ешкімге айтқысы келмейді, өз уайымдарымен жалғыз  қалады. Ал осы кезде  олардың жанында оны жұбататын,  мейірімді сөздер айтатын адепт пайда бола кетеді.  Ал адам қиын жағдайда оны қолдаған кезде, тек сөзбен ғана емес, материалдық, қаржылық көмек көрсеткенде, оның алғыс сезімі мен сену сезімі  оянады. Бақылау сезімі, сақтану, сыни қарым-қатынас өздігінен жойылады. Міне, құрбан болған адам   деструктивтік ұйымның жолын қуушыға толық сенген кезде, ішке тартудың келесі кезеңі басталады. Психологиялық тұрғыдан зомбилеу орындалды.  Адам олардың ортасына толығымен кетеді,  оның қалай болғанын түсінбей де қалады.

5. Адамдарды өз қатарларына тарту үшін  адептілер  тағы қандай айла-амалдарды қолданады?

Бұрын айтқанымыздай,  қатарға тартудың бірінші түрі  - адамды өзіне бет бұрғызу.  Екінші түрі-интернет арқылы тарту. Бұл түрі қауіпті және өте айлалы. Өйткені, интернет ресурста  бала жалғыз қалады, жанында ересектер жоқ. Балалар интернет арқылы танысады, қандай да бір мәселелерді шешеді, пікір алмасады. Нәтижесінде жастар қауіпті ұйымға қалай кіріп кеткендерін байқамай қалады.   

6. Балаларды  интернет арқылы  қауіпті ұйымдарға тарты-лудан  қалай  сақтандыруға болады?

Ата-аналар баланың компьютер алдында болуы қауіпті екенін есте сақтауы тиіс. Сондықтан ол қандай әлеуметтік желілерге кіреді, кіммен хат жазысады, қандай тақырыптарға араласады - бәрін қадағалап отыру керек. Мұны бүгінгі күні балалары бар әрбір ересек адам білуі қажет. Жастар-тұрғындардың ең осал бөлігі. Өйткені, олар әрқашан барша жаңалыққа, ерекшеліктерге құмар.

7. Деструктивтік культтер қандай зайырлы  ұйымдарды бүркемеленеді?

Көп жағдайда  деструктивті діндерге тартушылардың  жолын қуу-шыларды бірден тану мүмкін емес, өйткені олар  түрлі оқу орталықтарының, жеке тұлғалық өсудің тегін тренингтерінің, ағылшын тілі курстарының, шешендік өнер және т.б ұйымдардың атын жамылып,  жастарды тегін  өткізілуімен қызықтыруы мүмкін.  Ата-аналар балалармен осы тақырыпқа сөйлесіп, сын тұрғысынан ойлау, талдау жасай білуге үйретулері керек.

8. Егер деструктивтік діндердің жолын қуушылар адамды өз  қатарларына тартса,  оны қалай анықтауға болады және не істеу керек?

Егер кенеттен сіз жақындарыңызбен немесе балаңызбен жайсыз   ахуалдың болып жатқанын байқасаңыз, оның мінез-құлқы өзгерсе, дабыл қағып, оны құтқару керек. Адам  тұйықталып,  оның әдеттегі өмір салты өзгереді, оның жаңа мүдделері, жаңа достары пайда болады. Әр түрлі себептермен ол өзінің үйреншікті ортасымен қарым-қатынасты неғұрлым  аз жасауға тырысады. Бұл қатерлі белгі. Егер сіз баланың немесе ересек адамның мінез-құлқында осындай өзгерістерді байқасаңыз, біздің сагmo-pvl.kz   сайтымызға хабарласа аласыз. Сондай-ақ  62-01-01 сенім телефоны бойынша жүгінуіңізге болады. Бізге хабарласып,  мамандарымыздың тегін, консультациялық, теологиялық, психологиялық, заңгерлік және басқа да көмектерін ала аласыз.